"Мектепті құдалыққа айналдырмайық": Ақша жинағыш ата-ананы заңды жауапқа тарту керек

"Мектепті құдалыққа айналдырмайық": Ақша жинағыш ата-ананы заңды жауапқа тарту керек

Жылдағы "жаттанды әдетпен" жалғасын табатын еліміздегі мектеп бітірушілер жинайтын ақша мәселесі туралы тағы айтыла бастады деп жазады Democrat.kz.

"Жаттанды әдет" деп бекерге айтып отырғанымыз жоқ. Жылда айтылса да, дәл осы проблема бүгінге дейін шешімін таппай келе жатқаны жасырын емес. 

"Мектепте ақша жинау" туралы дау шықса, мектеп "біздің қатысымыз жоқ, оқушының ата аналары өздері ұйымдастырып жатыр" деп мәселеден бойын аулаққа салса, ал "балам үшін" деп байбалам салатын кей шешелер ақша жинауға қарсыларды бірден орнына қояды. 

Ал сол ақшалар не үшін жиналады? Тек оқушының көңіл көтеруі, соңғы мектеп кешін думандатуға ғана ма? Солай деп ойласаңыз, төмендегі Threads желісінде жарияланған жазбаға назар аударыңыз. 

"АНАЛАР мектепті құдалыққа айналдыруды қою керек!!! Қазір 4 пен 11 сынып бітірушілер сынып жетекшіге алтын әпереді екен, завуч пен директорға сыйлық екен. Бұл құдалық болмағанда не сонда?!

Өздерің еще той жасағанда, құдалықта киіт миіт керек емес, зачем всё это дисіңдер, а при этом мектепте жасап отқандарың мынау. Ұстазға символический сыйлық та беруге болады.

Выпускнойда: виньетка, кафе, и сыйлық ұстазға болды жетпей ма сол. Не керек бықыбай сықыбай: лента, мантия, мобилограф, мектепке директорға сыйлық.

Жөнімен жасау керек. Сосын выпускнойға төлей алмасаң балаң бармасын дид. Не қылған істемейтін ми сендерде!

200К орнына 40-50К да жинауға болатын кезде, айды аспаннан алмау керек. Бәрі бір сынып болғаннан, бәрінің қалтасы бірдей көтеретіндей ақылдаса шешілуі қажет, барлық бала қатысу керек выпускнойға. Аналар разумно жасау керек қой, шли кетудің қажеті жоқ".

Осы жазбаға қатысты жазылған пікірлерді төменде назарларыңызға ұсынып отырмыз. "Мектептегі ақша жинау" дертінің бастауы қайда екенін өзіңіз таразылап аларсыз деп сенеміз. 

Барлық жаңалықтар