Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады  

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады  

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады деп жазады Democrat.kz.

Президент жеделхатта берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Мысыр халқына құт-береке тіледі.

Барлық жаңалықтар