Мемлекет басшысын салтанатты қарсы алу рәсімі №1 борт Ресей әуе кеңістігіне өткен сәттен басталып кетті деп жазады Democrat.kz.
Ерекше құрметтің белгісі ретінде қазақстандық делегация отырған ұшақты истребительдер мен тікұшақтар алып жүріп, Внуково әуежайында әскери оркестр мен құрмет қарауылының қарсы алуымен жалғасты деп жазды бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі.
Сәлден соң Кремльде мемлекеттер басшыларының бейресми жеке кездесуі өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай Ресей Федерациясы Президентінің атынан кешкі ас беріледі. Мемлекет басшысының ертеңгі жұмыс кестесі де өте тығыз. Кремльдегі ресми қарсы алу рәсімінен кейін Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіледі. Президент сондай-ақ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйлейді, - деп жазды Руслан Желдібай.