Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев депутаттық қызметке дейін жүкті әйелдерге декреттік төлем көлемін миллион теңгеге дейін арттырудың жолдарын түсіндіретін курстар ұйымдастырғаны белгілі. Қазіргі таңда Қазақстанның әр өңірінде жүздеген әйел декреттік төлемді заңсыз рәсімдеді деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Осыған байланысты журналистер депутаттан мұндай тәсілдерді үйреткен адам ретінде өзінің де жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе деген сауал қойды деп жазады Democrat.kz.
Бұл сұраққа жауап берген Дәулет Мұқаев өзін ешқашан заңсыз қызмет көрсететін «помогайка» болмағанын айтып, тағылған сынмен келіспейтінін жеткізді.
Ол өз сөзінде:
«Мен халыққа пышақ ұстаттым. Онымен ас әзірлей ме, әлде біреуге зиян келтіре ме – оны әркім өзі шешеді», – деп пікір білдірді.
Әлеуметтік желіде депутаттың бұл айтқан сөздеріне қатысты жұрт "арты заңсыз болатынын біліп неге ондай нәрсе үйреттіңіз?", "Дәулет заңға сүйеніп үйретті ғой" деген пікірлер жазуда.