Әлеуметтік желіде жалақысын уақытылы ала алмай, алған жалақысын оқушылары үшін жұмсап, өз қызына көйлек ала алмаған педагогтың жазбасы үлкен талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
"Бүгін 6 кл оқитын қызымның ёлкасы болған. Видеода тек өзі ғана мектеп формасымен тұр екен. Кеше “мама,маған нарядный юбка алып беріңізші” дегенде “бар киіміңді кие берші” деп едім.
Оның үстіне жеке мектептеміз, 2 айдан бері айлық жоқ. Бар ақшамды сыныптың безендіру жұмысына жаратқанмын. Одан қалса үлкен цифр сандарды бір оқушым жарып тастап,қайтадан алуға тура келді.
Бүгін өз класымның да шыршасы болған. Чатқа видео,фото жібергенде әл сол шар жарған баланың мамасынан негатив пікірлер кеп жатыр.
Мұғалімдік алғысы жоқ жұмыс екеніне тағы көзім жетті. Жұрттың баласын жарылқап,көңілін көтерем деп жүргенде, өз қызымның шыршасында қалаған киімін кие алмағанын көріп, жасым тоқтамай жатыр"деп жазды Айдана есімді мұғалім.
Айдана ұстаздың жүрегін ауыртып, жылатқан мәселе кейбіреудің ашуын тудырды. Десек те, мұғалімнің баласы болудың қандай болатынын мұғалімнің баласы болғандардың пікірі тіпті ауыр болды.
"Өз қызыңды жылатып, оқушыларым үшін безендіру жасадым деу ақымақтық", "сіздікі дұрыс емес. Қарызға болса да алуға болар еді ғой",
"Әкем де, анам да мұғалім. Анам сіз секілді принципшіл еді. Әкем өз балаңды жарылқап ал деп ұрсатын. Бірінші жұмысты емес, балаңызды ойлаңыз. Ол балалардың есінде де қалмайсыз. Өз балаңыз осы күнді мәңгілік жадында ұстайды", "