"Мен қателестім!" деген Мөлдір Мұқанова шындығын мойындады

"Мен қателестім!" деген Мөлдір Мұқанова шындығын мойындады

Мөлдір Мұқан «Ozimiz goi» бағдарламасына қатысып, өмірлік таңдаулар туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты  Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Бағдарлама барысында әнші әзілге сүйеніп, бірақ астарында шынайы өкініш жатқан сөз айтты:

«Өмірде мамандық таңдаудан гөрі, жар таңдаудан қателеспеңіздер. Мен қателестім», – деді ол күлімсірей отырып.

Әншінің бұл сөзі көрермендерге бейжай қалдырмады. Ішкі сезімін ашық айтып, оны әзілмен жеткізген Мөлдір Мұқанға желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік пікірінде:

«Бәрі өткінші», «Әлі-ақ бақытты боласың», «Сен мықтысың, бәрі алда» деген қолдау сөздер жиі кездеседі.

 

Барлық жаңалықтар