Блогер, діндар Рүстем Жүгінісов таяуда істі болғаннан кейінгі жағдайын айтып, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Жұрттың бәрі мені ең сорлы адам қылып жіберді ғой. Пабликтерге шығарып. Қуанып.
Алдында да бір ұстаз жол апатына түскенде, "өлсе екен" деп жұрт қуанып еді.
Мені де солай етіп жатыр. Бір нәрсе айта қалып едім, бітті, кетті. Сол сөзді сақалсыз біреу айтса, үндемейді ешкім.
Сақалы бар, сипаты бар адам айтса, бітті, соны айналдырып әкетеді. Мен адам зорлап, адам өлтіргендей сөз етуде"деген блогер жұртқа ренішін білдірді.