Абай Бегейідің екінші әйелі Фариза оқырмандарының сынына жауап берді, деп хабарлайды Democrat.kz.
Көпшілік оның құдағиынан сыйлыққа құндыз тон алғанын сынаған.
"Сыйлыққа шуба аламын деп басым дауға қалды ғой. Әй, әйелдер-ай, әйелдер, не болды соншама!? Тек көре алмай жеп барасыңдар. Мүмкін болса әр әйел он он шубадан кисінші. Әр әйел лайықты. Мені жамандап болып, құдағиыма тиістіңдер мақтаншақ деп", - деді Фариза.
Желі қолданушылары жұлдыздың жары Фаризаның бұл сөзіне түрлі пікір қалдырды.
Айта кетейік, Абай Бегейдің 17 жасында тұрмысқа шыққан қызы Сымбат балалы болып, енесі құдағиына тон сыйлаған еді.