"Мерекелік демалыс күндерін қысқартып, азайту керек" деген ұсыныс қызу талқыға түсті

"Мерекелік демалыс күндерін қысқартып, азайту керек" деген ұсыныс қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде еліміздегі мереке күндері берілетін көп күндік демалыстарға қатысты қызу пікірталас басталды деп жазады Democrat.kz.

Threads желісін қолданушы Нұржарық Жеңіс біздегі көп демалыс күндеріне қатысты:

"Көп адам қарсы шығады деп ойлаймын- бірақ Қазақстанда демалыс- мереке өте көп сияқты. Арасында мерекені демалыссыз атап өтуге болмай ма? Көбірек білім алып, көбірек жұмыс жасасақ…

Басқа елде оқыған соң ойымыздың бәрі білім алу еді- ал қазір 1- сыныптағы балам қыздардың мерекесі, Наурыз мерекесі демаламыз деп жүр!

 Балабақшадан бері үйренген. Ойының бәрі демалсам- достарыма барып ойнасам деген басым сияқты!Бүгін бір құжатты бір мекемеден сұрадым- мерекеден кейін береміз деді. Әлі 3 жұмыс күні бар! Неге сол күнде бітірмеске…"деп қынжылысын білдіріп, жазба жариялады. 

Нұржарық Жеңістің бұл жазбасын бірер кісі ғана қолдап, "иә, бізде демалыс күндер өте көп, азайту керек" десті.

Ал "онсызда стрестен көз ашпаймыз, ең болмаса, демалайықшы", "демалғың келмесе,жұмыс істей берші. Біз демалайықшы", "мерекелік демалыстан басқа көңілге демеу болар ештеңеміз де қалмад, оны да көп көрмеңдерші", "демалыстың құнын мұғалім болсаң, түсінер едің"дегенге саятын пікір жазып жатқандар өте көп. 

Қалай ойлайсыз, біздің елде демалыс күндері тым көп пе? 

Барлық жаңалықтар