Танымал актриса, қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешова өзінің кезекті бір сұхбатында марқұм жары Құман Тастанбековтің көзі тірісінде орындай алмай кеткен арманы туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
Меруерт Өтекешова марқұм жары Құман Тастанбековпен соңғы сәттерін еске алып: "Құман қайтыс болардан бір күн бұрын біз Ақтауда едік. Ертең қаланы аралап, демаламыз, қыдырамыз деп отырғанбыз.
Армандары көп еді. "Екеуіміз менің аталарым жатқан Семейдегі Шұбартауға бірге барып қайтамыз" дейтін. Өкінішке қарай, ол арманына жете алмады.
Құман орындай алмаған сол сапарды өзім жалғастырсам деп жүрмін. Былтыр бармақ болдым. Алайда Семейден жеті жүз шақырым жерде жатқан Шұбартауға дұрыс жол да жоқ екен.
Құманның әкелері аштық заманда арбамен Талдықорған жаққа келген екен. Ол туралы атамыз да айтып отыратын.
Бұйыртса, келесі жылы Шұбартауға өзім барып қайтқым келеді. Сол күнге аман жетейік деп тілеймін", деді.