"Шабыт" өнер академиясының студенттері мәлімдеме жасап, қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешоваға "отказ" өтініш жасағандарының себебін айтты деп жазады Democrat.kz.
"Шабыт" өнер академиясының студенттері әлеуметтік желіде арнайы видео үндеу жасап: "Біз екінші семестрдің басынан бері біз Меруерт Өтекешова апайымызға қарсы "отказной" жаздық. Бірақ сабақтан бөлек, осындай аласапыран ойындарды бастаған біздің декан Ернияз Бірімқұлов.
Кімге қалай жазу керек, қалай "отказной" доклад жазу керек, қалай әрекет ету керек, бәрін айтып, басымызды айналдырған деканымыз Ернияз Бірімқұлов.
Бүгін емтихан кезінде деканымыз қаншама сөздер айтып, қыздарымызға психикалық ауыр қысым жасап, әділетсіздік жасады. Біз деканның бұл әрекетіне қарсымыз.
Бұл мәселе үшін "Шабыттың" ішінде, "Шабыттың" сыртында бізді ұйымдастырған деканымыз деканымыз Ернияз Бірімқұлов!"деген студенттер өкініштерін білдірді.