Мешіттегі масқара жағдайға қатысты ҚМБД өкілі мәлімдеме жасады

Мешіттегі масқара жағдайға қатысты ҚМБД өкілі мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы Елбек Тасболатұлы мүфтияттың Ақтөбедегі мешітте болған жағдайға қатысты ұстанымын жеткізіп, әйелдің мешітке барып, намаз оқуына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Елбек Тасболатұлы діни басқарма Ақтөбе қаласындағы қыз балаға орынсыз сөз айтқан ер кісінің ісін қаралайтынын жеткізді.

"Өйткені ол кісіні шариғатқа қайшы сөз айтумен қоса, шариғатқа, адамгершілікке сәйкес келмейтін іс-әрекеттерді жасап, ислам дініне күйе жағуына себепкер болып қалды деп есептейміз", – дейді ол мүфтияттың желідегі ресми парақшасында жарияланған бейнежазбада.

Сондай-ақ ҚМДБ өкілі қоғамда тараған "Әйел неге мешітке барады?" деген сыңайдағы пікірге жауап қатты.

"Әйел кісі өзінің үйіндегі мешітте намаз оқығаны абзалырақ, сауаптырақ. Ханафи мазхабында осылай айтылады. Дегенмен әйел кісі мешітке келіп құлшылық жасаса немесе дінін үйренсе, бұл – рұқсат амал, әбестігі жоқ.

Мешіт – құлшылық пен әдепті, ізетті үйренетін орын. Мешітте орынсыз сөздер, ұятсыз іс-әркеттер жасау – дініміз қаралайтын нәрсе, жалпы адамгершілікке де жат болған нәрселер болып есептеледі. Сондықтан мешітке келгенде біз Алланың құзырына, Алланың үйіне келіп жатқанымызды ұмытпайық", – дейді ұстаз Елбек Тасболатұлы. 

Барлық жаңалықтар