Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде намазхан қызға тиісіп, ұятсыз сөздер айтқан діншіл жазасын алатын болды деп жазады Democrat.kz.
Мешітке намаз оқуға кірген жап-жас қызға "уақытша неке қиюды" ұсынып, есікте бөгеп, тиіскен діншілдің мәселесі сотта май шаммен қаралады.
Ақтөбе облысы полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ер адамның жеке басы анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді.
Құқықбұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі жөнінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Материал сотқа жіберілетін болады.