Министр бір топ мұғаліммен кездесті: Қандай мәселе талқыланды?

Министр бір топ мұғаліммен кездесті: Қандай мәселе талқыланды?
Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бір топ белсенді ұстаздармен арнайы кездесу өткізді деп жазады Democrat.kz.
 
Бұл туралы QazBilim ұлттық лицейінің басшысы Аятжан Ахметжанұлы хабарлап, жазба жариялады. 
 
"Кеше су жаңа оқу ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова бір топ ұстаздармен жолығып, пікір алмасты.
 
3,5 сағатқа созылған кездесуде ұстаздар ішіндегісін шығарды. Ойларын бүкпесіз айтты. Қозғалмаған тақырып некен саяқ. Мектептегі директор шеше салатын дүниеден президент қана шеше алатын дүниеге дейінгі біраз нәрсе сапырылды.
 
Министр өзіндік қозқарасын жеткізіп, алдағы жоспарлары туралы ой қозғады. Беталыс жақсы, мықты команда болса біраз тірлік атқарылады деп сенемін.
 
Кездесуге бізде барып, өз пікірімізді айттық. Алда да елдің білім саласының дамуы мен өркендеуі үшін қолдан келгенше еңбек етіп, оқу ағарту ісінің ілгерлеуіне өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын.
 
Елдің болашағы үшін ең маңызды саланың жүйелі дамуы әр ұлтын, елін сүйер азамат үшін маңызды. Сондықтан, осы бағытта еңбек етіп жүрген барша азаматқа тек қана сәттілік тілеймін!"деп жазды Аятжан Ахметжанұлы. 
Барлық жаңалықтар