"Министр ханым, шағым жазуға міндеттісіз" деді ардагер ұстаз

"Министр ханым, шағым жазуға міндеттісіз" деді ардагер ұстаз

Білікті ардагер ұстаз Өмір Шыныбекұлы Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға арнайы сұрау салып, ұсыныс жасады деп жазады Democrat.kz.

"ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ханым,
өткен оқу жылында алдымен "Нысаналы мектеп" атауымен басталып, артынан "Мақсатты_мектеп" деген атауға өзгертілген бағдарламаға қанша қаржы бөлінді?
Және ол қалай игерілді?

Былтыр осы мәселені Шымкенттік мұғалім Маржан Алыпкараева Өрлеу АҚ жаңа деп оқытқан курстар бұрын оқытылып қойған курстар ОАМ Комитет төрағасы Каныбек Жумашев мырза мен "Өрлеудің" өкілінің көзінше айтты. 
Олар тұщымды жауап қайтара алмады. 

Сондықтан "Мақсатты мектеп" бағдарламасын жүзеге асыру барысында ОАМ мен "Өрлеу" АҚ көзбояушылыққа жол берді деп күдіктенуге толық негіз бар.

Енді сіз министр ретінде осы жағдайды тергеп-тексеру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Бас прокуратурасы және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі шағым жазуға міндеттісіз...

Егер президент алдыңызға қойған "Білім сапасын көтеру" тапсырмасын орындауға ниетті болсаңыз...
Ешкім мәңгілік емес...

Қателік дейміз бе, қасақана жасалған әрекет дейміз бе, осы келеңсіздіктің түбірін анықтап, кінәлі мамандарды жауапқа тарттыруға саяси ерік жігеріңіз жетпесе, қазір сізге жалпақтап жатқандар, сіз министр креслосын босатқан соң сіздің де артыңыздан тас лақтыратын болады.
Мереке құтты болсын!"деп жазды Өмір Шыныбекұлы

Барлық жаңалықтар