Талай уақыттан бері білім саласындағы проблемаларды айтып, мұғалімдердің мұңын билікке жеткізіп жүрген блогер Бәкіжан Кәкім өзін Оқу ағарту министрі "блоктап" тастағанын айтты деп жазады Democrat.kz.
Блогердің айтуынша, Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде оны бұғаттап тастаған.
"Не жазып қойғанымды білмеймін, әлеуметтік желіде Жұлдыз Сүлейменова мені блоктап тастапты. Мен ол кісі министр болғанда керісінше "көп жақсы нәрсе күтетінімді" айтып жазба жариялап едім"деген Бәкіжан Кәкім "олай болса..."деген ескертуін де жұқалап жеткізді.
Блогердің бұл видеосына пікір жазған белсенді педагогтер мен желі қолданушы қарапайым азаматтар министр Жұлдыз Сүлейменованың әлеуметтік желіде өздерін блоктап тастағанын айтуда.
Сыни пікір айтқандар мен өзіне жақпайтындарды жаппай блоктап отырған министрдің өзі ме, әлде қасындағы жандайшаптары ма?
Кім болса да, "мынадай блоктау қарқыны" тоқтамаса, білім саласындағы былықтардың бетін жабумен проблема шешілмейтінін білмейтін "данышпан" болғаны ғой?
