Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова оқушылар мен мұғалімдерге өзінің сүйінші жаңалығын жеткізіп, әлеуметтік желіде видео бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Баршаңызға белгілі, биыл Мемлекет басшысы жалпы халықаралық ғылыми жоба жарыстарында бірінші, екінші, үшінші орын иеленген жеңімпаз оқушыларға және оларды дайындаған білікті ұстаздарымызға бір реттік сыйақы тағайындау туралы тапсырма берген еді.
Өткен аптада осы тапсырманы орындау аясында бұйрық бекітілді. Биылдан бастап, халықаралық ғылыми жоба жарыстарында І,ІІ.ІІІ орын алған оқушы екі миллионнан алты миллионға дейінгі бір реттік сыйақымен марапатталады.
Ал оларды дайындаған білікті ұстазға өзінің базалық айлығынан 18,5 есе тағы да осындай еселенген көлемде бір реттік сыйақы тағайындалады", деген министр Жұлдыз Сүлейменова мұндай сыйақылар оқушылар мен педагогтарды ынталандырып, үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенім білдірді.