Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай желі арқылы ел алдына шығып, басынан өткен жағдайды баяндады, деп жазады Democrat.kz.
«Таңғы алты жарым болды. Мінекей, менің қолымда билет бар. Дәл сол орында отырған жолаушы мен едім. Рақмет сізге!
Көзім қарауытты, басым айналды. Егер жерде болсам, құлап қалар едім. Бағыма орай қауіпсіздік белдігі болды. Бір көзімді ашсам бәрі жүгіріп жатыр екен, «су беру керек» деп. Бір әйелдің «немене сенің медициналық білімің бар ма?» деп министрге ұрысып жатқанын да көрдім» – деген журналист, дер кезінде қол ұшын созған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға алғыс білдірді.
(Мақаланы ұрлап, көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)