Министрге ұсыныс: "Мектепті төмендегі проблемалардан құтқарыңыз"дейді қоғам белсендісі

Министрге ұсыныс: "Мектепті төмендегі проблемалардан  құтқарыңыз"дейді қоғам белсендісі
Қоғам белсендісі Гүлеке Өміржантегі Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға ұсыныс жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"Жаңа министр, мектепті бизнес құралы, табыс көзі қылудан құтқарса, жеке мектептерді жабық құрылым етпей, ондағы оқу-тәрбие үдерісін бақылауға алса, күмәнді бағдарламалар мен ұлттық құндылықтарға жат ағымдардан арашаласа, оқулықтарды жасаушылар мен шығарушыларды мұқият сараптамадан өткізсе, білім орындары басшыларының ата-аналарды бопсалауын тоқтатса, балалар жеп жүрген тамақтың сапасына зер салса, аса талантты балаларды шетелге "экспорттауды" доғарса, Батысқа қисынсыз еліктеуді, орынсыз табынуды азайтып, әрбір пәнді араластырмай, былықтырмай дербес оқытуды жолға қойса дұрыс болар еді...
 
Сонымен қатар, мектеп формасын қатал сақтауды талап етіп , діни ықпалдардан қорғаса болды , бізге білімді ұрпақ керек , бала мемлекетіміздің болашақ азаматы .
 
Мектепті он жылдық етіп қалған екі жылын кәсіби бағдарға оқыту керек.
 
Халықтың, оның ішінде педогогтардың ұсыныс пікірлеріне мән беріп, зерделеп, зерттеп шешім қабылдаса, оң нәтижеге қол жеткізсе жақсы болар еді.
 
Бұрынғы білім министрлерінің ішіндегі Асхат Аймағанбетовты жұрт әлі де құрметпен айтады, яғни көпшліктің ойынан шыққан министр болғаны, сол сияқты халықтың құрметіне бөленіп, есте қалатын министр болсын. Сәттілік тілеймін!"деп жазды Гүлеке Өміржантегі.
Барлық жаңалықтар