Әнші Мирас Жүгінісовтің Алматыда өткен концертіне кей тыңдармандарының көңілі толмапты деп жазады Democrat.kz.
"Мирастың концертіне бардым. Концерттің жартысына келгенде шығып кеттім, мен ғана емес біраз адам ашуланып шығып жатты. Өзім де көп үміт артпағам, бірақ ойымдағыдай әсер қалдырмады.
Дыбыс сапасы төмен, микрофон жаңғырып, барабан бәрін басып кетті. Ерекше атмосфера сезілмеді.Ауа райы суық, концерт 1 сағат кешігіп басталды. Күтумен өткен уақыт пен суық ауа райы да әсер етті. Мирастан қобалжу көп сезілді. Мирасқа үлкен стадион форматына шығуға әлі дайындық керек сияқты" деп жазды Threads қолданушы.
Әйтсе де, Мирастың басқа жанкүйерлері бұл жазбаға қарсылық білдіріп, концерттің керемет өткенін айтып, пікір жазуда.