Біздің елде ғана емес, көрші елдерде де діндарлар мемлекеттік істерге араласып, қисынға сыймайтын ұсыныстарын жасауда. Ресейлік митрополит Евгений мектеп пәнін ауыстыруды айтты деп жазады Democrat.kz.
Екатеринбург және Верхотур митрополиті Евгений мектептегі қоғамтану пәнін проваславие сабақтарымен ауыстыру керегін айтады.
Діндардың айтуынша, қоғамтану пәнінен гөрі діни тақырыптарды оқу оқушыға әлдеқайда пайда береді екен.
Митрополиттің ойынша, діни сабақтар моральдық негіз қалыптастырады және қателіктерден аулақ болуға көмектеседі.
Сонымен бірге, ол мұндай сабақтарды мектеп оқушыларына бас тартпау үшін мұқият енгізу керек екенін атап өтті және бағдарламада рухани-адамгершілік мазмұнның, соның ішінде "Ресейдің ДНҚ-сын" қалыптастыратынын баса айтты.