Блогер Динара Сәтжан таяуда өткен BeWoman форумын жақтаймын деп жұрттан оңбай сөз естіді деп жазады Democrat.kz.
Сөзінің әлқиссасын "біз хейтерлер еліне айналып бара жатқандаймыз" деп бастаған блогер: "Жанна Кан BeWoman форумын өз ақшасына өткізді. Өйткені өткізгісі келді. Форумға өздері қалап бес мыңға жуық адам қатысты.
Жұрттың ақшасын санауды ұнатамыз ғой. Бірақ 700 млн мемлекеттің ақшасын бір ғана Комиконға жұмсағанда, үндемейміз" дей келе Эмират, Дубайда хейт жазуға тыйым салынғанын алға тартты.
"Эмиратта хейт жазу елді іштен ірітетінін түсінді. Ал бізде әркім ойына келгенін жаза береді" деген Динара Сәтжан форум өткізуге әркімнің қақысы барын алға тартты.
Динара Сәтжанның бұл жазбасын қолдай кеткен оқырманы аздау.




