"Мойындаттым!" деген Гүлзира ханым басынан өткен қиын жағдайды айтып берді

"Мойындаттым!" деген Гүлзира ханым басынан өткен қиын жағдайды айтып берді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова басынан өткен кей қиындықтары туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Мен үшін ұмытылмас тарихи сәт! “Сенің балаң әнші болады дейсің ба”- деген мысқыл сөздердің бәрі құлағымда әлі күнге дейін жаңғырып тұрғандай.

 Таң атып кетіпті, көз ілмедім, үнсіз армандап көзімнен жас кете беріпті, жастығым әбден су болған. Көз алдымда жарқыраған таспен көмкерілген костюммен сахнада ұлым, стадиондар, залдар толы халық, шіркін тура осылай мойындатып, сол адамдар тойына ұлымды шақырулары арман болса деген қиялмен, ызаға булыққан күйі елесті бітіріп, өзіме келіп ес жинадым.

Ия артынша “Арман “әнімен таныла кетті, бір күннің ішінде бүкіл жерде ұлымның әндері қойылып хит, болды.Өз-өзіме сенер емеспін.

Қиялымдағы костюмді жасату үшін ақ костюмді сатып алып қымбат стразалар тауып, біртіндеп жабыстыра бастадық, аяғына ақ макаси алып оғанда түгел жарқ-жұрқ еткен таспен көмкердік.

Қиялымдағы кейіпті мықтылап көрсету үшін жоғарыдан жарқырап түскенін қаладым. Әлемдік әнші Haddaway Республика сарайында осы кеште қонақ болып, екеуі бірге ән шырқады.

Мұхтар Шаханов ағамыздың бір өлеңі сол сәтте есіме түсіп одан әрі жігерлендім. Менің есімімді Мұхтар қойған кезде, төрде отырған бір шал, жаман иттің атын бөрібасар қойыпты деген екен, мен соны мойындаттым деген қара өлеңі есіме орала берді.

Міне сол кездегі сәті, мен қиялдаған костюм, ине шаншар жер жоқ халқы. Бұл сәт мойындатқаным емей немене, бақытты сәт болмағанда немене…

Ана жүрегі, ана тілегі деген осы, сіздер де ұл-қыздарыңызға бақыт тілеп армандаңыздаршы. Барша ана атаулының дұғасын Алла қабыл етсін!" Деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Барлық жаңалықтар