"Молданы сақалын сапситып, үйден айдап шықтым" деген блогер сұмдық жайтты айтты

"Молданы сақалын сапситып, үйден айдап шықтым" деген блогер сұмдық жайтты айтты

Дүние есігін жаңа ашқан сәбиіне азан шақырып, атын қойсын деп үйіне молда шақырған Фариза кейінірек сол молданы үйден айдап, қуып шыққан себебін айтып, жұртты шулатты деп жазады Democrat.kz.

"Молда шақырдық, азан шақырып ат қоюға қызыма. Азан шақырылып, ат қойылып.. Дастарханға шай-тамаққа отырып, молда уағызын бастады…

Төлеби атамның 7 әйелі болған деп..Күйеуім, қайын ағам отыр..Ұнап барады екеуіне..Әңгімесін баспен изеп қоштап, шай ұсынған кеселері тоқтар емес…

Молда “Балама 1-ші әйелінді өзім таңдап берем, қалғанын өзін таңдайсын” дедім дейді. Енді әкетіп жатыр әлгі молда.

Әңгімесіне қарасам, әйелді “зат” көруде. Дым құндылығы жоқ сөзінде. “Әйелдер ашуланса, жындымен жынды болмаңдар” деп.

 Сосын сыйы қалмай барады, сақалы сапсиып сасып барады әңгімесі.. қасымда кімдер отыр қызық болмады, күйеуімнің изменасын ұмыта алмай жүргем…

Молданың 2 аяғын бір етікке тығып, почти қуып шықтым. Өзіме ризамын әлі. есіме түссе, өзіммен мақтанамын.

“Шаңыраққа қараңыз, молда екем деп ойға келгенді айта бермеңіз, айтатын жер бар, айтпайтын жер бар” тб біраз нәрсе айттым, күйеуімді сыйлап, туыстарды сыйлап үндемей отсам, тышып отыр ғой.

Тақия кисем бықсытып, сақал өсірсем сасытып, ел сыйлайды деп жүр ау. Мен түсінер едім, 2-3 ші тоқал алып, той жасап отса солай сөйлеп, өздерін жұбатсын. Мә, жыртылып туып кеп отырмын, әрең отырып-тұрып ай-шай жоқ, тоқалдар алу туралы атақты адамдардың тоқалын түгелдеп кетті ғой сасық сақал молда сымақ.

Қаншама отбасыны шайқап кеттің екен дедім, тақырыпқа сай уағыз айт дедім. Маған айтады “СЕНІ БІРАЗ ОҚЫТЫП, үйрету керек, ілімің аз” деп қояды.  Баяғы тізесі шыққан ескі уағыз мысалдарды айтып, мә жаттанды бәрі.Молда емес СПИКЕР сияқты. Молда адамның кеудесі қарттыққа толы, даналығы тасыған адам болады ғой"дейді Фариза есімді желі қолданушы. 

Фаризаның бұл жазбасын қолдап, "арамтамақ молдаларды үйге жолатпау керек", "сол имамдардың көп әйел ал" дейтін уағыздарының кесірінен елімізде ажырасу көбеюде" дегенге саятын пікір жазып жатқандар көп. 

 

Барлық жаңалықтар