Тұрсынбекпен ажырасып кеткенін растаған Мөлдір Мұқанова оның балаларымен қарым-қатынасын айтты. Көзіне жас алған Мұқанова кейінгі кезде балаларының қиналып жүргенін жеткізді, деп жазды Democrat.kz.
«Үлкен қызым басқа елде оқиды, оған тіпті қиын. Мені тастады, балалардың не кінәсі бар?! Ішінде Аяруым әкесін жақсы көреді. Көргені былай тұрсын, қазір жазғанда жауап ала алмайды. Осындай сәтте жүрміз.
Ажырасқанымызға жеті ай болды, содан бері жеті рет кездескен екен. Соңғы қыркүйек, қазан екі ай бір-бірлерін көрген жоқ. Жақында біліп қалдым, бәрінің телефондарын блокқа қойыпты», – деді Мөлдір.