Әнші, продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында үйін көрсетіп, рум тур жасады деп жазады Democrat.kz.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова бес баласымен зәулім үйде тұрып жатқанын көрсетті.
Мөлдірдің сөзіне қарағанда, үйлерінің аумағы үш жүз метр шаршыны құрайды.
"Бұл үйдің жоспарын өзіміздің қалауымызға қарай өзгерттік.
Бөлмелер кең болсын деп, бірнеше қабырғаның орнын ауыстырдық. Ал қонақ күту бөлмесін мейлінше кең етуге тырыстық", дейді Мөлдір Мұқанова.
Мөлдір Мұқанованың бұл рум тур видеосына қатысты жұрттың пікірі екіге жарылды. "Тұрсынбектің арқасында осылай зәулім сарайдың ішінде отыр", "Тұрсынбек бар жағдайын жасап тастапты", "жарайсың, Мөлдір, ақылыңның арқасында сен осындай керемет үйге лайықсың", "ешкімнің баласын жылатып, тартып алмады, Мөлдірдің өзіне лайық үй бұл" дегенге саятын пікірлер жазылуда.