Күн сайын маған 10 шақты қыз жекеме жазады:
“Не істесем болады? Қайда барам? Кете алмай жүрмін…”
Әрқайсысының даусы дірілдеп, жүрегі қорқып, жаны қысылады.
Бірақ…
Неге кетпейсіз?
Неге үндемей, бәріне көне бересіз?
Себебі, әр әйелдің ішінде мың түрлі себеп бар:
— Балаларым бар…
— Қайда барам, ақшам жоқ…
— Мүмкін өзгерер…
— Ата-анам не дейді?..
— Ұялам…
— Өзімді кінәлаймын…
Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз:
Сіздің өміріңіз – тек сіздің қолыңызда" деп жазды Мөлдір Мұқанова.