Танымал әнші, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желі парақшасында ерекше жазба жариялап, оқырмандарының алғысы мен игі тілегіне бөленді деп жазады Democrat.kz.
"Әкем бұрын “Мөлдірімнің туған күнін бүкіл ауыл тойлайды” дейтін, себебі менің туған күніммен қатар ауыл Наурызды тойлайтын.
Сол кездегі ата-анамның ақ адал жүрегі, аппақ батасы - қазір туған күніммен тұспа-тұс бүкіл Қазақстан Айтты атап өтіп, Наурызды тойлауда.
Қазір қалай ән салып, айналаға жар салып жүрсем кішкентай күнімде де дәл солай болыппын. Қолыма домбырамды ұстап сахнаны шарлап, өнерімді арнап жүгіріп жүріппін. Студент шақтарда да айналамды ән қылу, сән қылу - өнерге деген, өлеңге деген махаббаттан…
Иә, ашылудан басталған жастығым басылуға жалғасып жиырма екі жыл үзіліс болды. Оттың басы, ошақтың қасы.
Бірақ шулап жатқан сахна, тулап жатқан өнер бәрібір өзінінікін сұрайды екен, маған өнер ұнайды екен. Аллаға шүкір, Алла ниетіме қарай - айналама ақ жүрек ағайынды жинап, ниеттес өнер адамдарына басымды қосып елдің алдында шырқап жүрмін.
Біреуден озбай, біреуден қалмай - ертерек шықпасам да, еркелеп елдің ортасында жүргеніме бақыттымын!"деп жазған Мөлдір Мұқанованың жазбасына оқырмандары алғыс айтып, ақ батасын жаудырып жатыр.