Мөлдір Нұрман: "Экс-министрлердің адамдарын Оқу ағарту министрлігінен шеттету керек!"

Мөлдір Нұрман: "Экс-министрлердің адамдарын Оқу ағарту министрлігінен шеттету керек!"
Журналист Мөлдір Нұрман білім сапасының күрт төмендеуінің себеп-салдарын саралап, бұл үшін экс-министрлер атқарған шалағай шаруалары мен олардың қызметкерлерін қазіргі Оқу ағарту министрлігінен алыстату керегін айтып, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"Ұлттық қауіпсіздік туралы" заңға сәйкес сапалы білім ұлттық стратегиялық маңызды мақсат саналады. Білім сапасының төмендеуі ұлтқа қауіпті.
 
Өздеріңізге белгілі экс министрлердің кезінде білім реформасы тұрақталған жоқ. Ал, 2022 жылдан биылға дейін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты - 7 рет, оқу жоспары - 9 рет, оқу бағдарламасы - 8 рет өзгертіліп, мектептер - сынақ алаңы мен оқушылар - сынақ құралына айналып кеткен. Жалпы білім беру саясатындағы тұрақсыздықтың салдарынан білім сапасы төмендеп кеткен.
 
Мысалы 2022 жылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына енгізілген өзгерістер жоғары сынып оқушыларына арналған бейіндік оқыту жүйесін әлсіретіп жіберген. Нәтижесінде физика, химия, биология, география сияқты іргелі ғылыми базалық пәндердің мәні жоғалған. Бұл деген ұлт болашағына жасалған қиянат деп есептеймін. Пандемия кезінде планшет береміз деп, бермей, оқушыларды телефонға телміртіп қойды. Одан қалса БЖБ, ТЖБ, тағы да басқа тестілеу балалардың да, мұғалімдердің де тынышын қашырып тынды. Оқушының уақыты сабақ оқумен емес, тест жауаптарын жаттаумен өтіп келді.
 
Мысалы 10-сыныптарда қысқартылған оқу жоспарының кесірінен құқық негіздері - 31,9%, химия - 26%, география - 22,4%, физика - 22%, биология - 17,6%, дүниежүзі тарихы - 13,6%, ал, 11-сыныпта құқық негіздері - 29,1%, химия - 25,5%, физика - 21,4%, география - 20,6%, биология - 17,7%, дүниежүзі тарихы - 13,5% пайызында жоқ.
 
Бұл деген сонша уақыттан бері мектеп бітірген түлектер мен жоғары сынып оқушылары ғылыми дүниетанымды, құқықтық сауаттылықты және елдің кадрлық әлеуетін қалыптастыратын пәндерді жүйелі түрде оқымай-ақ мектеп бітіріп кеткен деген сөз.
 
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім төмендей бастаған соң, көп ата-ана балаларын жекеменшік мектептерге бере бастады. Себебі сол кездегі министрдің кезінде саны бар сапасы аз мектептер мен балабақшалар қаптап кетті. Не үшін, мемлекеттің субсидиясы үшін. Қаңтардан кейін ел етек-жеңін жиып жатқан шақта, білімді былықтырып үлгеріпті ғой. Президенттің білім мен педагогтерді қолдауға бөлген қаржыны, өз қалтасынан шығарып бергендей пиар жасап, мемлекеттің абыройын егеленіп кетті, анау. Әліппені де созбалаңға салып жүріп алғанда, қайтарқан қоғам, яки ата-аналар мен БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері министрден талап еткен.
 
Оқулықтарға олқылықтар неден көбейіп кеткен десеңіздер, оқулықтардың сапасын бақыламақ тұрмақ, комиссия құрамына кірмепті, сол екі министр монополияға бере салыпты. Мысалы 9-сыныптың тарихы мемлекеттік саясатқа қарсы жазылған. Одан қалса, бастауыштың да оқулықтарында балалардың жасына лайықсыз тақырыптар жазылған. 147 оқулықтан 900 қате табылған.
 
Қазір оқулықтарды Оқу-ағарту министрлігінен басқа ешкім жазбайтын тәртіп орнатылып жатыр. Оқулықтар реттелуде екен.
 
Ал, Көкөніс пен көгөністі айыра алмаған министр Оқу-ағарту министрлігін қалай басқарған? Президенттің сенімін асыра пайдаланып, білімді былықтырып кеткен екі экс министрді ұлттық қауіпсіздік мүддесіне қайшы әрекеттері үшін айыптау керек. Соларға болысқандарды да, соларға жұмыс істегендерді де.
 
Оқу-ағарту министрлігіндегі солардың адамдарынан мемлекеттік қызметтен шеттету керек. Осынша жылдар бойы ұлт болашағына балта шабатын саясат жүргізу - ұлттық қауіпсіздікке қауіпті мәселе ретінде қарау қажет.
 
Президент ұрпақтың білімді әрі білікті болуы Қазақстанның жарқын болашағының кепілі екенін айтып, білім беру ісін қолдауға мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөліп келеді. Президентіміздің саясатына қарсы шығып жүргендер депутат та болмасын, мемлекеттік қызметке де жоламасын, білім беру ісінен аластатылсын, бұлбұл блогерлерімен бірге. Құдай білім мен оқушылардың, мұғалімдердің күнін білімді былықтырып кеткендерге қаратпасын!-деп жазды Мөлдір Нұрман. 
Барлық жаңалықтар