Морг қызметкері жұмысындағы сұмдықтар туралы айтып берді

Морг қызметкері жұмысындағы сұмдықтар туралы айтып берді

"Моргта жұмыс істеймін" деген Жансая әлеуметтік желіде жұмысына байланысты ішкі жан сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.

"Күнде таңертең жұмысқа шыққанда жолда ішімнен «ешкім қайтыс болмаса екен»  тілеп барамын.

 Әрбір өлікті кесуге кірерде терең демалып, жылы жүрегімді уақытша қатырып тастаймын, себебі алдымда бала да, ана да жатуы мүмкін.

Жас өлім келгенде, іштей жылап аламын.

Қайтыс болған адамды әкелгенде, бірден жұмысқа кіріспеймін, ұзағырақ күтемін.

Балаларым туғалы, "бала мәйітін кесу"  мен үшін ауыр.

Адамдарға Микроскоптан рак қою, мен үшін морально ауыр. Әсіресе, жас адамға.

Гистологиялық диагноз қоярда, ауруханада жатқан адамның жағдайын бірінші орынға қоямын. 100% сенімді болғанда ғана нақты диагноз қоямын, 1% сенімсіздік болса, стажы көп әріптесіммен ақылдасамын.

Жұмысымда нақты немен айналысатынымды папам мен балаларым білмейді, білмегендері де дұрыс шығар. Папам мені тек микроскопта отыратын гистолог деп ойлайды" деген Жансая өзге әріптестеріне де өзі сияқты "Медблог" жүргізу керегін айтады.

 

Барлық жаңалықтар