"М.Шахановтың аманатына күдік бар" деген ұлт патриоты сұмдық шындықты айтты

"М.Шахановтың аманатына күдік бар" деген ұлт патриоты сұмдық шындықты айтты
Кешеден бері әлеуметтік желіде марқұм Мұхтар Шахановтың соңғы аманатына қатысты қызу талқы жүріп жатыр. Қазақстанның халық жазушысы, марқұм Мұхтар Шахановты қайда жерлеу мәселесіне қатысты айтылып жатқан пікір өте көп. Қоғам белсендісі, ұлт патриоты Геройхан Қыстабаев та осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
Әлеуметтік желідегі парақшасында Геройхан Қыстаубаев: "Шаханов Ұлттық пантеонға жерленуі тиіс!
Шахановтың: "Мені Арыстан баб кесенесіне жерлеңдер" деген "аманатын" өз қаламымен қағазға жазған жазбасы, яки осындай өтінішін айтып жатқан сәтінде түсірілген бейне ролигі, болмаса бір топ адамның ортасында отырғанда айтқанын растайтын бірнеше адам бар ма?
 
Егер мұның ешқайсысы болмаса, "Шахановтың аманаты" дегенге, тіпті Мұхтар ағаның ең жақын адамының айтқанына да күдікпен қарау керек!
Неге? Себебі:
 
1. Мұқаң - діншіл адам болған жоқ! Рушыл да емес!
2. Мұқаңның рухына тағзым етіп, басына барып құран бағыштайтын адамдар саны еселенген мөлшерде аз болады! Ал бұл, өз кезегінде, Шахановтың халық жадынан тезірек "өшуіне" әкеледі!
3. Қазіргі заманда мұндай "аманат" сияқты маңызды оқиғаларды бейне роликке түсірмеу деген, көңілге үлкен күдік тудырады.
4. Ең бастысы - рас болса, мұндай "Аманатты" Шаханов ағамыз баяғыда -ақ өзі қағазға жазып, және оған қоса - бейне ролигін жасатып қояр еді! Шахановты білетіндердің бәрі дерлік, Ол кісінің осылай ететінін анық айта алады!
 
Енді, бұл - Аманат туралы әңгіме қайдан және неге шығуы мүмкін?:
 
1. Бұл Шахановқа өте бір адал, Алла Тағаласы ауызында жанашыр жанның өз арманы, ойы болуы бек мүмкін.
2. Не Шахановты "халықтың ортасынан алас жатсын" деген дұшпандарының жымысқы әрекеті болуы мүмкін! Әлгі Шахановтың жанашыр жанының санасына осы "Аманат" туралы ойды егіп берген де, халыққа айттырып жатқан да осылар шығар, сірә.
 
Негізінде, Шахановтың жерленетін жері - Ұлттық пантеон! Пантеонның Жарғысының 4 - бабында: "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар жерленеді, деп тұр! Ендеше бізге не жорық!
 
Өзбекәлі Жәнібеков Арыстан баб кесенесіне жерленсе, ол уақытта (1998 ж) Ұлттық пантеон болған жоқ!
Жалпы Шахановты Арыстан баб кесенесіне жерлеу - қазаққа абырой бермейді! Талғамсыз ұлт болып қаламыз! Ұлттың Ұлы тұлғасы мен дінге ессіз берілгендердің айырмасын білмейтін, тамырынан ажыраған халық деп саналатын боламыз! Діл мен дінді бір, тең көрген ұлт болып шығамыз! Сондықтан Шахановты "киелі" жер деп, Арыстан баб кесенесіне жерлеу - келешек ұрпағымыздың алдында жіберген тарихи қателігіміз болады! Себебі, уақыт өте келе, біз бәрібір зайырлы мемлекетке айналамыз!
 
Ағайындар! Қазір 21 ғасырда, қандай да бір тылсым күшке, яки діни сенім-нанымға, атақты бір дін өкілдерінің қабірі жатқанына байланысты жердің киелі "нүктелері" болады дегенге сену - масқара ұят нәрсе! Оқымаған, надандықтың белгісі! Жердің әрбір нүктесі - жер ғана! Болды.
 
P.S. бұл "жан айқайды" биліктегілер есітер ме екен?! Әлде Шахановты жерлеу шарасы - "әуелі мұмылманмын, сосын барып қазақпын" деген ұғымның қазіргі шақта біздің мемлекетте үстемдік алып кеткенінің айқын дәлелі болып, Мұхтар ағамыз Түркістанға - "киелі" жерге "тартып" кетер ме екен?!
Көптеп таратуларыңызды сұраймын! Бәлкім сонда, кеш болып қалды деген сылтау айтпай, еститін билік, есітіп қалар"деп жазды. 
 
Барлық жаңалықтар