Айша Қаддафи -Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Қаддафидің қызы Иран халқына арнап үндеу жолдады деп жазады Democrat.kz.
Айша Каддафи өз үндеуінде иран халқына сақ болуды айтып, "жаумен ымыраға келмеу" керегін айтты.
"Уа, еңселі де, қайсар Иран халқы!
Қираған елдің, азап пен опасыздықтың ортасынан сіздерге үн қатамын. Мен — отанымның өлімін көзімен көрген әйелдің даусымын. Бұл өлім ашық жаулардың қолынан емес, керісінше, Батыстың жалған уәделері мен алдамшы күлкісінің торына түскендіктен келді.
Сақ болыңыздар!
Батыс империалистерінің алдамшы сөздері мен ұрандарына алданып қалмаңыздар. Олар – бір кезде әкеме: "Егер ядролық және зымырандық бағдарламаңнан бас тартсаң, әлемнің есіктері саған ашылады" — деген адамдар.
Әкем ізгі ниетпен, диалогқа сеніп, ымыра жолын таңдады. Бірақ, ақыры НАТО-ның бомбалары қалай елді қиратып, Ливияны қанға бөктіргенін көзімізбен көрдік. Халқымыз тұтқындыққа, кедейлікке, босқындыққа ұшырады.
Уа, Иранның ардақты әпкелері мен бауырлары!
Сіздердің санкциялар мен ақпараттық-экономикалық шабуылдарға қарсы тұрып, намыс пен абыройды сақтауларыңыз — ұлт ретінде тірі екендеріңіздің және ұлттық қадір-қасиеттеріңіздің белгісі. Жаумен ымыра – құрдымға, бөлшектенуге, қайғы-қасіретке апарады. Қасқырмен диалог жүргізу — қойды құтқармайды, тек келесі тойының күнін белгілейді!
Тарих көрсеткендей, табандылық танытқан халықтар – Куба, Венесуэла, Солтүстік Корея мен жүректі Палестина халқы – әлем жұртшылығының жүрегінде сақталып, тарих бетінде ар-намыспен қалды. Ал мойынсұнғандар — күл-талқан болып, тарихтың ұмытылған парақтарына айналды" деген Айша Қаддафи Иран халқына амандық тіледі.