Мүфтияттың сәләфиттерге ғажап сыйлық жасағаны рас па?

Мүфтияттың сәләфиттерге ғажап сыйлық жасағаны рас па?

Ханафи мазһабын ұстанатын ҚМДБ неге сәләфилерді қажылыққа жіберді? Қажылыққа бару үшін ақшасын төлеген 40-қа жуық мұсылманның визасы жоқ

Мүфтият маңында жүрген құпия дереккөздің хабарлауынша, қажылық жасауға ниет етіп, туристік компанияға ақшасын төлеп қойған 40-жуық қазақстандықтың Саудияға баратын визасы жоқ. Визаны Сауд Арабиясының қажылық министрлігі жауып тастаған сияқты. Визасы жоқ адамдардың біразы ҚМДБ құрған «Tawaf travel» туристік компаниясы алған қажылық квотамен бармақшы болған. Мүфтияттың «Tawaf travel» компаниясы әліне қарамай 310 адамға қажылық квота алған. Қажылық квотаны бөлуді нарықтық экономика заңын бұзып мүфтият өз құзырына алып алған. Солай болғанымен Сауд Арабиясының қажылық министрлігі беретін визаны реттей алмай далбасалап жүр. Мүфтияттың кесірінен биыл да қарапайым мұсылмандар әуре-сарсаңға түседі. Екі күннен кейін қажылыққа барушылар үшін Саудияның Джидда және Мадина қаласының әуе жолы жабылады. Сондықтан әлгі 40-қа жуық қазақстандық «неге біз қажылық жасай алмадық...» деп айқай-шу шығаруы мүмкін... Құпия дереккөздің айтуынша, мүфтияттың «Tawaf travel» компаниясы алған квотасына адам таппай сандалған. Бас имамдар «қажылыққа барыңдаршы» деп жамағатына жалынып, «Tawaf travelдің» квотасын толтыруға адам іздеген. Тіпті Бас мүфти Наурызбай қажының Астанадағы Бас мешіттің асханасын басқарып жүрген әйелі де қажылыққа адам іздеп тамақ ішуге келген жамағатты үгіттепті. «Мүфтият имамдары қажылыққа баратын ханафит мұсылман таппағандықтан «сақалы бар, мұрты жоқ» сәләфилерге де қажылық квотаны беріп жіберген. «Tawaf travel» арқылы қажылық жасаушылар тізіміне еніп кеткен сәләфилер «машаллаһ» деп сақалдарын тарамдап қатты қуанып қалды» деді дереккөз. Бұл жағдай мүфтияттың қажылықты да пайда табу көзіне (бизнеске) айналдырып алғанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар