"Мұғалім болғым келмейді!"деген педагог жан айқайын жеткізді

"Мұғалім болғым келмейді!"деген педагог жан айқайын жеткізді

Мұғалімнің жұмысын оңай, алатын айлығы көп деп санайтын кісілерге арналған бір видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Желіде тараған видеода педагог Асқар Сыздықов  өзінің жан айқайын жеткізіп, қазіргі кезде әрбір мұғалім тап болып отырған проблемаларды ашық айтты. 

"Мұғалім болуды оңай санайтындар, қатты қателеседі. Қазір біздің елде мұғалім болу еш оңай емес. 

Мектепте әлдебір жағдай бола қалса, мұғалім кінәлі. Оқушы тәртіпсіздік жасаса, мұғалім кінәлі. Оқушының ата анасы да, мектеп әкімшілігі де бірден мұғалімді кінәлайды. 

Кінәлап қана қоймайды, жазалайды. Мұнан бөлек, мұғалімге өте көп тапсырма жүктеледі. Тапсырманың көптігі сондай, мұғалім оны жасай ала ма, алмай ма, ешкімді қызықтырмайды. Осыдан кейін мұғалім болғым келмейді дейтіндер көбеюде", дейді астаналық педагог. 

Барлық жаңалықтар