"Мұғалім күйеуіммен некемді, жалақы сомасын, пәтерімнің жағдайын сұрайды" деген ата-аналар наразылық білдіруде

"Мұғалім күйеуіммен некемді, жалақы сомасын, пәтерімнің жағдайын сұрайды" деген ата-аналар наразылық білдіруде

Еліміздің кей мектептерінде сынып жетекшіге тағы бір сорақы тапсырма жүктелген сыңайлы деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде жан айқайын жеткізген желі қолданушы бірі мектеп басшылығы тарапынан берілген тапсырмаға наразылығын білдірді. 

"Зерделеу" үшін сынып жетекшісі оқушының әкесі мен шешесінің жалақысы қанша екенін анықтауы керек көрінеді. 

Бұл "зерделеу" жеке шекараның шегінен шығу емес пе? Жазбаға қатысты жұрттың пікірі төмендегідей болды: 

"Мектепте мұғаліммін, сынып жетекшімін. Сұрамайтындары жоқ, өгей әкемен тұр ма, олмен некеге отырған ба, үйлері өздерінікі ме, жалдап тұр ма, т.б? Ата-анадан сұрауға ұяламын, маған қажет емес, мектеп сұрап жатыр деп айтамын. Бірақ баланың 22:00 кейін далада жүргеніне спрос ата-анадан емес, сынып жетекшіден болатынын ескерсек, бұл информацияларды түн ортасында оятып сұраса да, біліп тұруың керек". 

Шынымды айтсам осындай ақпарат беруден шаршадым. Сынып жетекші бөлек болса ғой шіркін. Біз сабағымызды жақсылап өтсек сол дұрыс. Неге біздің мемлекетте ғана бір ақпаратты барлық жерден жинайды. Арнайы орындар бар емес па осымен айналысып отырған. Мұғалім оқушының мектептегі тәртібі мен біліміне ғана жауап бер керек қой. Біз отырамыз бүткіл жағдайын түгендеп. Сосын мына нәрсе бар ғой күнде таңертең келгенде баланың жай күйіне қараңдар деген. Сонда үйіндегі жағдайға да біз жауапты болып тұрмыз ғой"

"Одан қалса терезесінде блокиратор тұр ма жоқ па, өз үйлері ма аренда ма, неше бөлме сұрата беретін". 

Барлық жаңалықтар