"Мұғалімдегі басты стресс": Депутат мұғалімнің жүктемесін жеңілдетуді сұрады

"Мұғалімдегі басты стресс": Депутат мұғалімнің жүктемесін жеңілдетуді сұрады

Білім беру саласындағы парадокс: қағазбастылық азайғанымен цифрлық есеп беру көбейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Наталья Дементьева Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында айтты деп хабарлайды Democrat.kz.

Депутат: «Соңғы жылдары елімізде білім беру жүйесін цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Алайда тәжірибе көрсеткендей, Kundelik.kz платформасы мұғалімдердің жұмысын жеңілдетудің орнына қосымша жүктеме артып отыр. Мәселен, аптасына 25 сағат сабақ беретін мұғалім электронды күнделікке күн сайын 1–1,5 сағат уақыт жұмсауға мәжбүр. Соның салдарынан сабаққа дайындалатын уақыт қысқарады», – деді.

Наталья Дементьева халықаралық ұйымдардың бағалауынша, Қазақстанда мұғалімдердің апталық жүктемесі орта есеппен 36 сағатты құрайтынын, оның тек 23 сағаты сабақ беруге жұмсалатынын атап өтті.

Қалған уақыт есептілік, тексеру және әкімшілік жұмыстарға кетеді. Оның айтуынша, мұғалімдердің шамамен төрттен бірі артық әкімшілік жүктемені стресс көзі деп санайды.

Барлық жаңалықтар