"Мұғалімдер дем салуды білуі керек" дейді белсенді педагог

"Мұғалімдер дем салуды білуі керек" дейді белсенді педагог

Әлеуметтік желіде Нұржан Байсубан атты қоғам белсендісі мұғалімдердің арқалаған жүгінің жеңіл емесін айтып, басын шайқады деп жазады Democrat.kz.

"Қазір ғана Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жылдығына орай өткен мектептегі іс шарадан шықтым. 

Менің бір түсінгенім, мұғалім болу үшін әнші, биші, күйші, жыршы...бәрі болуың керек екен. Әлгі іс шарада мұғалімдер оқушылармен бірге керемет етіп өткізіп жатыр. 

Меніңше, енді мұғалімдерге терапевт жұмысын және дем салуды үйреніп алса, болды екен ғой", деп күлген Нұржан Байсубан әзіл де болса, өткір мәселені айтты. 

"Әртіс те, мобилограв та, айтишник те, режиссер де, психолог та, дәрігер де бола саламыз ғой" дескен педагогтар расымен өздерінің әмбебап екенін айтуда. 

Барлық жаңалықтар