Мұғалімдер жұмысын тастап, басқа салаға қашып жатыр

Мұғалімдер жұмысын тастап, басқа салаға қашып жатыр

Педагогтарға артылған жүктің салмағы артқан сайын мұғалімдер өз мамандықтарын тастап, басқа салаға ауысуда деп жазады Democrat.kz. ресейлік ақпараттарға сілтеме жасап.

Ресейлік мұғалімдер мектепті тастап, басқа салаларға кәдімгідей қашып жатыр екен. Оған себеп, мұғалімнің жалақысының төмендігі, жауапкершілігінің жоғары болуы дейді сарапшылар.

Бітпейтін қағазбастылық, бітпейтін есептер мен бітпейтін мәжбүрлі жұмыстар ресейлік мұғалімдерді өз мамандығынан бездіруде екен.

Мұнан басқа, оқушымен және оқушының пәлеқор ата анасымен жұмыс істеу де мұғалімнің жүйкесіне салмақ салуда деген сарапшылар мектепке жаңадан келген мұғалімдердің 72,3 пайызы алғашқы жылы-ақ білім саласынан безіп қашатын көрінеді.

Барлық жаңалықтар