Қазан айының бірінші аптасында аталып өтетін мұғалімдер мен тәлімгерлер күніне орай мектеп педагогтері мен басшы қызметкерлеріне 1 млн 20 мың сумға дейін сыйақы төленуі мүмкін, деп жазады Democrat.kz.
Өзбекстан президентінің 2025 жылғы 19 наурыздағы №УП-51 Жарлығымен мектеп қызметкерлеріне 1 қазан — Мұғалімдер мен тәлімгерлер күніне берілетін сыйақының ең жоғары мөлшері ең төменгі жалақының 50 пайызынан 75 пайызына дейін көтерілген. Бұл норма 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енген.
Ал биыл өзгергені — ең төменгі жалақы мөлшері. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Өзбекстандағы ең төменгі еңбекақы 1 млн 360 мың сум болып белгіленді. Оның 75 пайызы — дәл 1 млн 20 мың сум. Сонымен қатар бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 7 пайызға өскен.
Алайда 1 млн 20 мың сум барлық мұғалімге міндетті түрде беріледі деген сөз емес. Заңда бұл ең жоғары шек ретінде көрсетілген. Нақты сыйақы мектептің директорлық қорының қаржылық мүмкіндігіне және қорда бар қаражатқа қарай белгіленеді.
Яғни бір мектептің мұғалімі ең жоғары мөлшерде сыйақы алуы мүмкін, ал қаражаты жеткіліксіз мектепте төлем аз болуы немесе мүлде берілмеуі ықтимал.
Осылайша, биылғы жаңалықтың мәні — сыйақының 75 пайызға дейін көтерілуінде емес, ең төменгі жалақы өскендіктен оның ақшалай ең жоғары мөлшерінің 1 млн 20 мың сумға жетуінде.