Мұғалімдер Президенттен араша сұрады

Мұғалімдер Президенттен араша сұрады

Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының ұстаздары білім ордасындағы былықтарды айтып, Мемлекет басшысына және Оқу-ағарту министріне үндеу жолдады жазады Democrat.kz.

Бұл туралы журналист Нұрадин Рақай әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Мектеп алдына жиналған қызметкерлер ұжымда моральдық-психологиялық ахуал нашарлап кеткенін, үздік тәжірибелі педагогтерге қысым жасалып, білім беру заңнамасы бұзылып отырғанын жеткізді.

Үндеу жолдаған ұстаздардың айтуынша, мектеп директоры мен оның орынбасары ұжымды бірнеше топқа бөлген көрінеді. Білім мекемесінде оқу, тәрбие процесімен айналысуы тиіс педагогтер бірін-бірі аңдып, үстінен арыз жазуға дейін барған.

Білім бөлімі, облыстық және қалалық прокурорлардың тексеруі кезінде мектепте бірқатар кемшілік анықталыпты. Алайда басшыға да, орынбасарына да шара қолданылмай, қаннен-қаперсіз жұмыста жүр, дейді қызметкерлер.

Тіпті директордың орынбасарының бірі декреттегі мұғалімнің үйіне келіп, «арыз жазғандардың қатарында барсың» деп қоқан-лоқы көрсеткен.

Ашуғa булыққан мұғалімдер директоры мен орынбасары лауазымына сай емес, құқықтық баға берілсін деген талап қойып отыр.

Барлық жаңалықтар