Мұғалімдер ресми түрде әлеуметтік желіден босатылады

Мұғалімдер ресми түрде әлеуметтік желіден босатылады

Мұғалімдер әлемжеліде пост шығару мен кәсібіне қатысы жоқ имидждік тапсырманы орындаудан ресми түрде бас тартуға құқылы болмақ деп жазады Democrat.kz. Ertenmedia.kz.

Мәжіліс депутаттары «Педагог мәртебесі туралы» заңның 7-бабына тиісті өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Жаңа түзету бойынша мұғалім әлеуметтік желіде аккаунт жүргізуге немесе қандай да бір материал жариялауға міндеттелмейді.

«Педагог кәсіби қызметіне қатысы жоқ әрі еңбек шартында (қызметтік нұсқаулықта) көрсетілмеген міндетті мойнына артпауы тиіс. Әлеуметтік желідегі аккаунт жүргізу мен материал жариялаудан, сондай-ақ имидждік және өзге де қосымша тапсырманы орындаудан бас тартуға құқылы», – делінген заң жобасында.

Депутаттардың айтуынша, аталған өзгеріс мұғалім құқығын қорғауға қосымша кепілдік береді. Артық тапсырмадан арылған мұғалім уақытының басым бөлігін тікелей білім беруге арнай алады.

«Әлеуметтік желіде жеке парақша жүргізу, имидждік жұмыс атқару секілді міндеттемені ұстазға күштеп таңу немесе мұғалім келісімінсіз және қосымша ақысыз артық тапсырма жүктеу секілді әрекеттен қорғау үшін осындай норма қажет», – деп түсіндірілген заң жобасына берілген негіздемеде.

 

Барлық жаңалықтар