Мәжілісте мұғалімдерді өз жұмысына жатпайтын қосымша жүктемеден босату мәселесіне қатысты заң жобасы қаралып жатыр деп жазады Democrat.kz.
Мәжілісте қаралып жатқан заңда мұғалімдерді түрлі әлеуметтік желілерді жүргізуден босату жағы қарастырылған.
"7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын: онлайн-платформаларда міндетті түрде аккаунттар жүргізуден және оларда материалдар жариялаудан, сондай-ақ оның кәсіби қызметіне жатпайтын және еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделмеген имидждік немесе өзге де жұмыс түрлерін орындаудан бас тарту; онымен байланысты емес өзге де жұмыс түрлерін орындау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кәсіби міндеттері", - делінген заң жобасында.
Сонымен қатар, "білім туралы" заңда мұғалімнің құқықтарын құрметтеу міндеті, сондай-ақ баланың мінез-құлқы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің сабақтан тыс уақытта жауап беруі ұсынылды.
Мұнан бөлек, заң жобасымен қазақстандық мектептерде телефондарды тек сабақта ғана емес, үзілісте де пайдалануға тыйым салу ұсынылып отыр.