"Мұғалімдерді мазақ етіп, қорлады": ББ қызметкерінің видеосы кей мұғалімнің ашуына тиді

"Мұғалімдерді мазақ етіп, қорлады": ББ қызметкерінің видеосы кей мұғалімнің ашуына тиді

Әлеуметтік желіде мұғалімдердің мерекелік корпоративінен видео жүктеген қалалық Білім басқарма қызметкерінің әрекеті қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Threads желісінде aigvir атымен тіркелген желі қолданушы: "Горонодағы методист ЕРКЕК , бір мектептің корпоративіндегі видеосына тупизм звук қойып өзінің сторисына салып қойыпты,

ЕСКЕРТУ Заң мен құқық қа байланысты пост салады екен бірақ білметін сияқты Заң мен бапты, Е отинишке жазып жауапқа тартайық па не істейік? Или сразу cancel ма?

Мұғалімдерді төмендетіп өзін көтеріп отырғой сонда еще мемлекеттік жерде жұмыс істейді, Горонодағы методист екен еще, салып қойған видеосын қараңыздаршы, мен шынымен БІЛІМ МИНИСТРЛЕРІНЕ сұрағым көп мынау посттан соң барып мектепке тиіссе айтпады демеңдер , Мемлекеттік деңгейге жеткіземіз"деп жазба жариялап, фото, видео жариялады. 

Желі қолданушының айтуынша мазақ дыбыспен видео жариялап отырған кісі қалалық Білім басқармасында қызметкер екен. 

Десек те, анонимді атпен мынадай дүние жариялаған желі қолданушыны қолдаудан гөрі, "онда тұрған не бар" деп пікір жазғандар көбірек болды. 

Сіз қалай ойлайсыз, ББ қызметкерінің мынадай дыбыспен видео жариялағаны дұрыс па, әлде ұят па? 

Дайындаған Мәриям КЕНЕСАРЫ

 

Барлық жаңалықтар