Мұғалімдердің 62,6%-ы өз пәні бойынша тесттен өте алмаған

Мұғалімдердің 62,6%-ы өз пәні бойынша тесттен өте алмаған

Түркістан облысында білім сапасына қатысты алаңдатарлық мәлімет жарияланды. Облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орыновтың айтуынша, мұғалімдердің 62,6%-ы өз пәні бойынша тесттен өте алмаған деп жазады Democrat.kz.

Кейбір аудандарда мектеп директорларының 70%-дан астамы тесттен құлаған, ал әрбір үшінші түлек ҰБТ-ның шекті балын жинай алмаған.

Бұл цифрлар қоғамда үлкен талқылау тудырды. Бір тарап білім сапасын көтеру қажеттігін айтса, екінші тарап аттестация тесттерінің құрылымы мен мазмұнына қатысты сұрақтар бар екенін алға тартып отыр. Кейбір педагогтардың айтуынша, тест сұрақтары көбіне 10–11 сынып бағдарламасына негізделген, ал көптеген ұстаздар ұзақ жылдар бойы төменгі сыныптарға сабақ беріп келеді.

Сондықтан кейбір мұғалімдер үшін мұндай тесттер дайындықсыз өте күрделі болуы мүмкін деген пікір айтылуда.

Барлық жаңалықтар