Мұғалімдердің магистрлік дипломы қанша теңгеге сатылып жатыр?

Мұғалімдердің магистрлік дипломы қанша теңгеге сатылып жатыр?

Белсенді ұстаз Камила Анарбай мұғалімдерге магистрлік дәрежесі үшін берілетін ақы мен сатылып жатқан сол магистрлік дипломы туралы мәселе көтерді деп жазады Democrat.kz. 

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Камила Анарбай мұғалімнің магистрлік дәрежесі үшін жалақысына ақы қосылатынын сөз етіп, сондай үстемақыны сынып жетекшілігіне қосса, әлдеқайда дұрыс болатынын айтады.

Сонымен қатар магистрлік диплом кей өңірлерде ыстық бәліштей сатылып жатқаны туралы белсенді ұстаз өз жазбасында сөз етті. 

"Бүгінгі әңгіме: орта мектеп мұғалімдерінің магистрлікті өндірістен қол үзбей оқуы және оған төленетін 10 АЕК.

Сол 10 АЕК мөлшеріндегі төлемақы (43250 теңге) не үшін екенін түсінбей жүрген жайым бар. Оны түсінбей жүрген жалғыз мен ғана емес сияқтымын.

Магистрлердің өздері де түсінбейді. Барлығы жаппай дипломын әкеп жатыр. Бағасы 2 500 000 теңге екен. "Любой каприз за ваши деньги".

Мен де сол "точкадан" (Тараз және Шымкент университеттері) сатып алсам ба екен деп көріп едім, бір пысықайлар санап кеп берді.

Пенсияға жеткенше магистр дипломы "не окупится" дейді. Кім біледі? Сол магистрлік төлемақы не үшін?

Пайдасы бар ма? Сол магистрлікке қосымша ақы төлегенше, сынып жетекшілікке қосса болар еді", деп жазды белсенді педагог. 

Барлық жаңалықтар