Мұғалімдерге тағы бір курсқа бару міндеті жүктелмек

Мұғалімдерге тағы бір курсқа бару міндеті жүктелмек

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу мәселесі Үкімет деңгейінде көтерілді. Премьер-министр Олжас Бектенов педагогтердің дайындығына қатысты бірқатар кемшілікті атап өтіп, Оқу-ағарту министрлігіне нақты тапсырма жүктеді деп хабарлайды Democrat.kz.

Үкімет басшысы мұғалімдердің барлығы бірдей ерекше балалармен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін меңгермегенін айтты.

Мысалы, мұғалімдердің бәрі бірдей ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен қалай тиімді қарым-қатынас орнату керектігін біле қоймайды. Оны азаматтардың көптеген өтініштерінен байқауға болады, – деді Олжас Бектенов.

Осыған байланысты Премьер-министр министрлікке нақты міндет жүктеді.

Оқу-ағарту министрлігі ерекше балалармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге арналған оқыту курстарын тұрақты негізде өткізуі қажет, – деді ол.

Барлық жаңалықтар