"Мұғалімдерге тиесілі сыйақы": Кей директор ол ақшаны мұғалімге аванс түрінде береді

"Мұғалімдерге тиесілі сыйақы": Кей директор ол ақшаны мұғалімге аванс түрінде береді
Білікті ұстаз, танымал белсенді педагог Мира Барказатқызы бірнеше күннен бері ұстаздар арасында қызу талқыға түскен "мұғалімдер мереке сайын премия ала ма?" деген сауалға қатысты өзінің пікірін білдіріп, мәселеге жан-жақты талдау жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"ҚР Оқу-ағарту министрлігі  Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев сыйақы туралы айтқанда сөзінен жаңылыс айтты (әр мереке сайын) немесе бұл қызметкер жағдайды толық білмейді, сөз халыққа өңі айналып жетті.
 
 Бұл жаңылыс айтылған сөз бүкіл елді дүрліктірді. Тағы да жазықсыз мұғалімдердің басы дауға қалды. Елімізді қанша мереке бар?! Өте көп.
 
 Негізгі мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелердің маңызды даталарды жыл басынан бастайық:
- 1–2 қаңтар – Жаңа жыл
- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
- 21–23 наурыз – Наурыз мейрамы
- 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
- 9 мамыр – Жеңіс күні
- 6 шілде – Астана күні
- 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
- 25 қазан – Республика күні
- 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Ұлттық және діни мерекелер
- Рамазан айт – ислам күнтізбесі бойынша (жыл сайын күні өзгереді)
- Құрбан айт – ислам күнтізбесі бойынша (бірінші күні демалыс болып жарияланады)
 Кейбір кәсіби және қоғамдық мерекелер:
- 15 ақпан – Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күні (естелік күн)
- 1 наурыз – Алғыс айту күні
- 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні
- 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
- 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
- 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні және Полиция күні
- 10 тамыз – Абай күні
- 1 қыркүйек – Білім күні
- 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
- 28 қыркүйек – Еңбек күні (қыркүйектің соңғы жексенбісі)
- 1 қазан – Қарттар күні
- 5 қазан – Мұғалімдер күні (қазанның бірінші жексенбісі)
- 25 қазан – Республика күні
- 16 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
- 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні
- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
 
 Мұғалімдерге белгілі бір мерекеге байланысты сыйақы (премия) міндетті түрде беріледі деген заңды талап жоқ. Сыйақы төлеу білім беру ұйымының қаржылық мүмкіндігіне, ішкі ережелеріне және жергілікті атқарушы органның шешіміне байланысты жүзеге асырылады, осыны Қаныбек Жұмашев білмесе, кім біледі?! Ол қандай мереке?
 
Көбінесе сыйақы немесе біржолғы көтермелеу мынадай жағдайларда берілуі мүмкін:
- Мұғалімдер күні (қазанның бірінші жексенбісі) – педагогтерді марапаттау және сыйақы беру жиі кездеседі.
- Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) – кейбір ұйымдар жыл қорытындысы бойынша…
Онда да мектептің үнемделген қаржысы бар болса ғана. Бұдан байқайтынымыз, министірліктің ең маңызды бөлімі - орта білім беру комитетінің төрағасы мұғалімдер жағдайынан мүлде хабарсыз жан. Ел ішінде болмаған, қолындағы жалған есепті ғана біледі.
 Ал, шындық былай: жоғарыдағы екі мерекеде мұғалімдерге азды көпті сыйақы беріледі 25 000– 200 000 мың аралағында, одан көп алғаны жоқ (қолдарына 20 -170 мың тиеді). Мұндайды өзім де алып жүрдім, бірақ әр мереке сайын емес .
 
 Мемлекеттік мектепте жыл соңында немесе белгілі бір кезеңде еңбекақы қоры бойынша үнемделген қаражат (экономия) қалыптасса, жұмыс беруші оны қолданыстағы еңбекақы төлеу қағидаларына, ұжымдық шартқа және мекеменің ішкі актілеріне сәйкес қызметкерлерді көтермелеуге (сыйақы төлеуге) пайдалана алады.
 
 Үнемделген қаражат мынадай себептерден пайда болуы мүмкін:
- бос тұрған штаттық бірліктер;
- ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздық немесе декреттік демалыс;
- жалақы қорының басқа да үнемделуі.
 
Шындық мынандай:
- мектеп директорлары үнемделген қаржыны сыйақы емес, аванс түрінде береді : мұғалім өтініш жазады 500-нан, бір миллионға дейін. Қаржыны алады.
 
Келесі айда жалақысынан қайтарып береді (екі айлықта қайтаруы мүмкін бөліп) Құда да тыныш, құдағи да тыныш. Мектептің қаржысы келесі жылы да қысқарып қалмайды.
 
Мұны анықтау оңай, есеп бөлімінде қараша, желтоқсанда мұғалімдер өтініші қат-қат болып жазылып, есептеріне түскен ақша бар екенін тексермей-ақ көруге болады.
 
Ал халайық мұғалімдерге сыйақысы көп деп өштесіп жүрмеңіздер. Сөзден жаңылған мемлекеттік қызметкерге айыппұл салына ма?!", - деп жазды Мира Барказатқызы. 
Барлық жаңалықтар