"Мұғалімді қинаудың жаңа түрі басталды": Министрге бұл құжат аса маңызды ма?

"Мұғалімді қинаудың жаңа түрі басталды": Министрге бұл құжат аса маңызды ма?
Кей өңірдің мұғалімдері қисынға сыймайтын құжаттар толтырып отырғандарын айтып, әлеуметтік желіде шағымдарын ашық білдіруде деп жазады Democrat.kz.
 
Threads желісінде бір педагог: "Қалалық білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес, мекеме тарапынан соңғы 3 жылға арналған оқушылардың сабаққа қатысымын жазғызып жатыр .
 
3 жыл білім классты ашып жоқ оқушылардың жоқ күн дерін ,себебін ,иин теріп жазуымыз керек. Сонда күн сайын не үшін сведения толтырып отырмыз.
 
Мұғалімдерді Ойыншық қылып болды . Мұғалімдерді қинау қашан бітеді. Онсызда жұмыс жетіп жатырғанда"деп жазды. 
 Бұл жазбаға қатысты әріптестері де мұғалімге жүктелген жүктеменің тым артып бара жатқанын айтуда:  
 
"Осы себепті декреттік демалыстан кейін мектепке қайта оралғым келмей жүр. Мұғалімдер балаға білім берудің орнына осындай миға қонымсыз құжаттармен басымыз қатып отырады.Сынып жетекші болған мүлдем бөлек әңгіме.
 
Өз бала-шағаңды ұмытасың тіпті,өз пәніңде жайында қалады сынып жетекшіліктің құжаттарымен Сонда мұғалімдер бай деп ойлайды сынып жетекшілікке алатының сонда құдай көп көрмесін әрине қосылатын ақшасы өте аз!"
 
"Сынып жетекші болсаңыз толтырасыз соңғы 3 жыл бойынша" 
 
"Ерігіп отырып, ойларына не келеді соны жасайды. Ол кімге керек 3 жылдық данный"
 
"Мұғалімдерді қинаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатқан сияқты ғой" деген пікірлер жазуда. 
 
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар