Қоғам белсендісі Бекболат Қаржан қазығұрттық мектеп директорының сорақы әрекеттері туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Мектеп директоры осындай болса, бұдан өткен сорақылық жоқ.
Мынау не масқара!?
Жалпы, мынау диктатор ма, директор ма!? Бұлай шешім қабылдауға бұған кім құқық беріп отыр...?!
Маржан Баимбетованың ісіне қатысты «Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектебінің директоры мынадай масқараға жол беріпті:
1. Әдеп кеңесінің кезектен тыс жиналысын шақырып, Маржанды әбден қорлап жазба жазған, үстінен қазір қылмыстық іс қозғалып, сотта жауап беріп жатқан адаммен келісімге келмесең, тәртіптік жазаға тартылатынын ескертіпті.
2. Әдеп кеңесіне мектептен тыс «дежурный шалдарды» шақырыпты. Дежурный шалдар мектеп директорына үш күнде Маржан келісімге келмесе, шара қолданып, жұмыстан шығарылатынын ескертіпті. Хаттама Маржанды жұмыстан шығаратын болып, осылай түзіліпті. Мынау енді масқараның потологы. Мынадай адамдар қалай мектепті басқарып отыр!?
Хаттаманы оқып шок болдым. Маржанға рақмет, мынадай тирандармен алысып, тартысып жүрген.
«Дежурный шалдар» жауырды жаба тоқып, үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотта жауап беріп жатқан адамның Маржанды әбден қорлағанына көз жұма қарап, ынтымақ болсын, бірлік болсынға көшіпті. Әй, мынау шалдар ешкімді де оңдырмайды. Ел қылмайды мынау шалдар.
Мен әкімдерді маңайлаған «дежурный қақпастар» жайында талай жазып жүрмін. Ел мен жұртқа сұмдық зияны тиетін шалдар барлық жерде бар. Бұлар ешқашан да әділет, заң, тәртіп, әдеп дегенге қарамайды. Кім жемсауына жем салса, соның тауығы болып жүре береді.
Дәл осы әдеп кеңесінің кезектен тыс жиналысының хаттамасындағы заңсыздықтарға мектеп директоры Аманқұлов Нұрлан міндетті түрде жауап береді.
Ал, Қазығұрт Ауданы Білім Бөлімінің кадрлары біз жолдаған арызға заң талаптарына сәйкес жауап бере алмай, қылмыстық іс пен әкімшілік құқық бұзушылық істің аражігін айыра алмай, әлі айға қарап, жұлдыз санап отыр...
Маман жоқ қой қазақтар, маман жоқ бізде. Барлық сала маманнан сорлаған. Әсіресе, Қазығұрт Ауданы тіпті маманнан сорлаған.
Балаңды маман болсын деп емес, бастық болсын деп тәрбиелесең, тірлігің осындай болады. Мынау директор да мамандығы физрук, ротациямен қонжия салған осы орынға.
Біз кешенді түрде жұмыс істеп жатырмыз.
Тағы айтамын, осы істі ақыр соңына дейін жеткізуге барымызды саламыз" деп жазды Бекболат Қаржан.