"Мұғалімді тірідей өлтіріп, қаңғытпақсыз ба?"дескен ұстаздар министрге шүйлікті

"Мұғалімді тірідей өлтіріп, қаңғытпақсыз ба?"дескен ұстаздар министрге шүйлікті
Әлеуметтік желідегі Оқу ағарту министрлігінің парақшасында "аттестация жаңалығына" наразалық білдіріп, қарсылық пікірін жазған мұғалімдер саны толастамай тұр деп жазады Democrat.kz.
 
Министрліктің желідегі парақшасында жазылған пікірлерді саралап, сүзіп қарап көріп, түйгеніміз, педагогтар аттестацияның жаңа ережелеріне түбегейлі қарсы. 
Ұстаздарымыз не себепті қарсы болып отырғандарын да ашық айтуда. Төменде сондай пікірдің бірнешеуін назарларыңызға ұсынып отырмыз. 
 
"Қарапайым мұғалім үшін,тиімсіз. Жаңа жобаны дайындаған әріптестің өзінде ,шебердің критериі бар ма?!
Алматы қаласының әдіскерлерінің өзінде қазірдің өзінде модератор санаты жоқ.Ең бірінші объективті аттестацияны қарайтын әдіскерлерді дайындау керек.
 
Басы жоқ,аяғы жоқ IELTS пен халықаралық жариялымдарды шығару негізсіз. Мұғалімді тірідей өлтіріп, қаңғытпақсыз ба?
 
 Сізден үлкен үміт кеткен еді, өкінішке орай аспандағы айды жасап отырсыз.Өкінішті қарапайым мұғалім үнін тыңдайтын министрге жарымадық..."
 
"Мәссаған, мұғалімдер сіздерге ойыншық болдыма? Эксперимент ретінде сынап көретін онсызда шаршап жүрген ұстаздардың жүйкесін жұқартып бітірдіңіздер. Балаға сапалы білім бередіма? Немесе портфолиомен, жетістік жинаумен әуре болады ма?"
 
"Жаңа жобаға түбегейлі қарсымын!Жас мамаүы жоқ мектептерде кімге тәлімгер болады екен? Ғалымдар өткізе алмай жүрген мақаланы айлап жазамыз дегенде кім сабақ өтеді? Мұғалімдерге осынша жүктеме беріп, білім сапасына пышақ ұрып отырсыздар ғой. Қазғазбастылықтың көкесі енді басталады екен ғой".
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар